Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ысқақов – «Қайсар» командасының №12 ойыншысы

05.03.2020, 12:01 991

Кеше облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов «Қайсар» футбол командасының жаңа құрамымен танысты. Жаңа маусымға қайсарлықтардың құрамына 11 футболшы қосылған. Олар: Елдос Ахметов, Қуаныш Қалмұратов, Бағдат Қайыров, Ризван Аблитаров, Алфин Фортес, Режиналдо, Александр Колев, Могамед Парагульгов, Иван Пешич, Элгуджа Лобжанидзе. Кездесу барысында команданың капитаны Асхат Тағыберген клубтың маусымға дайындығы туралы айтып, қолдау білдірген аймақ басшысы мен жанкүйерлеріне алғысын білдірді.

«Қайсар» футбол командасы өткен жылы жоғары жетістіктерге жетті. Биылғы маусымда да сол жетістіктерді қайталауға тырысамыз. Ол үшін барлық жағдай жасалуда. Түркияда дайындық жүргіздік. Жақсы футболшылар қатарымызға қосылды. Жігіттермен бірге жоғары мақсаттарға жетуге жұмыс істейміз. 8 наурызда «Ертіске» қарсы ойында жеңіске жетіп, өзіңіз бастаған жанкүйерлерімізді қуантуға әзірміз», – деді команда капитаны.

20 жылдан кейін «Қайсар» командасы Қазақстан кубогының иегері атанып, тұңғыш рет Еуропа лигасына жолдама алды.

Облыс әкімі Қ.Ысқақов жаңа маусымнан жаңа жетістіктер күтетінін айтты.

«Биылғы маусымда «Қайсардың» намысын қорғайтын футболшыларға үлкен жауапкершілік артылады. Жыл өткен сайын нәтиже жақсарып келеді. Осы жылғы чемпионатта да жеңіске қол жеткізсек деген мақсатымыз бар. Бастысы, қорғаныста сауатты, шабуылда ширақ қимылдасақ, техникалық жағынан түсіністік, бір-біріне деген сенім жоғары болуы керек. Оның үстіне «Қайсардың» жанашыр жанкүйерлері жетерлік. Олардың шынайы қолдауы командаға айрықша жігер сыйлары анық», – деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.

Кездесу соңында облыс әкімі Қуанышбек Досмайылұлына «Қайсар» командасының 12ші нөмірлі жейдесі табысталды.

Айта кетейік, дала қасқырлары 8 наурызда Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионда «Ертіс» командасымен ойнайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: