Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталды

31.08.2026, 22:15 37

HALYQLINE.KZ

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – көшпелі халықтардың дәстүрлі және ұлттық спорт түрлерін сақтауға, дамытуға және насихаттауға, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған халықаралық спорттық-мәдени іс-шара.

Ойындардың ашылу салтанаты қырғыз елінің астанасындағы «Бішкек-Арена» стадионында өтуде. Сыйымдылығы жағынан Орта Азиядағы ең үлкен кешенге 50 мыңнан астам адам жиналды. Халықаралық деңгейдегі іс-шараның ашылу салтанатын 17 елдің президенттері, сондай-ақ, жүзден аса елден келген үш мыңға жуық спортшы тамашалауда.

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғыз Республикасында 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өтеді. Қазақстан құрамасынан жарыс регламентінде бекітілген 43 спорт түрі бойынша 152 спортшы қатысады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көкпардан әлем чемпионы, команда капитаны Тұрғанбек Құрманбек ұстап шықты.

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ашылу салтанатына қатысып, ел спортшыларына қолдау білдірді.

Елімізде спорт саласындағы заңнаманың жетілуі аясында 11 ұлттық спорт түрі олимпиадалық спортпен теңестіріліп, басым спорт түріне кірген болатын. Олар – қазақ күресі, тоғызқұмалақ, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, бәйге, теңге ілу, құсбегілік, асық ату, дәстүрлі садақ ату, жекпе-жек.

Ойындар бағдарламасындағы 43 спорт түрінен жарыстар Шолпан-Ата қаласындағы 3 спорттық кешенде және Қыршын жайлауында 1 қыркүйектен басталады. Ойындардың бағдарламасына сәйкес көкпар, көкбөрі, қазақ күресі және де басқа спорт түрлері Qazsport арнасы арқылы тікелей көрсетіледі.

Жадыра  ЖҮСІП

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: