Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тұрсынбай Құлахмет алғашқы жекпе-жегін өткізбек

28.02.2020, 10:30 1313

Жақында ғана әуесқой бокстан кәсіпқой боксқа ауысқан қызылордалық спортшы Тұрсынбай Құлахмет алғашқы жекпе-жегін 28 наурызда Алматы қаласында өткізеді деп жоспарлануда.

Тұрсынбай Құлахмет 2019 жылы Азия чемпионы атанса, сол жылы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды. Ол 75 келі салмақта ел намысын абыроймен қорғады. Жерлесіміз екі жарысқа да сол салмақтағы тәжірибелі былғары қолғап шебері Әбілхан Аманқұлдың жарақат алып қалуына байланысты қатысқан болатын. Және Тұрсынбай әуесқой бокста ең нәтижелі спортшылардың қатарынан табылды.

«Халық арена» спорт кешенінде қазақстандық боксшылар Жанқош Тұраров пен Али Балоев та сынға түспек.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: