Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тұрсынбай Құлахмет әуесқой бокспен қош айтысты

19.02.2020, 10:13 550

Қызылордалық былғары қолғап шебері Тұрсынбай Құлахмет спорттық мансабын кәсіпқой бокста жалғастырмақ. Қазақстанның үш дүркін чемпионы, Ислам ойындарының жеңімпазы, Азия чемпионы және 2019 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері (75 келі) саналған ол енді өзін басқа қырынан сынап көрмек.

– Мен әлемдегі ең жақсы компания MTK Global командасына қосылғаныма өте қуаныштымын. Бұл менің спорттық мансабымды дамытудағы ең жақсы нұсқа деп ойлаймын, – деп өз пікірін білдірді боксшы.

Боксшымен байланысып, спорттық мансабына сәттілік тілеген болатынбыз. Және алдағы уақытта барлық жаңалықтарын бірінші болып жариялап отыруға дайын екенімізді жеткіздік.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: