Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тұрсынбай чемпиондық белбеуге иелік етті

12.11.2020, 9:50 365

HALYQLINE.KZ  Ұлыбританияда MTK Global ұйымдастырған бокс кеші өтті. Іс-шараның хедлайнері қазақ боксшысы Тұрсынбай Құлахмет (2-0, 1 KO) болды.

Құлахмет кәсіби рингтегі екінші жекпе-жегін британдық боксшы Маколей МакГоуанға қарсы өткізді (14-1-1, 3 КО). Орта салмақта WBC International чемпионының белбеуі бәске тігілді. Жекпе-жек он раундқа созылды. Британдық бірнеше рет нокдаунға түскен. Нәтижесінде жекпе-жек Тұрсынбай Құлахметтің жеңісімен аяқталды.

«Мен үшін бокстың отанында жұдырықтасу – үлкен мәртебе», – деді Құлахмет жекпе-жектен кейін.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: