Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Тоттенхэмнің» бұрынғы директоры ҚФФ-ның бас хатшысы болып тағайындалды

27.04.2026, 17:00 50

HALYQLINE.KZ

Ағылшын Премьер-лигасында жұмыс тәжірибесі бар Скотт Энтони Мунн ҚФФ-ның бас хатшысы қызметіне ресми түрде бекітілді, деп жазады penalty.kz.

СКОТТ  МУНН  ҚЫЗМЕТІНЕ  ҚАШАН  КІРІСЕДІ?

2026 жылдың 27 сәуірінде Қазақстан футбол федерациясының Атқару комитеті Скотт Энтони Муннды ҚФФ бас хатшысы лауазымына тағайындау туралы шешімді мақұлдады. Оның өкілеттік мерзімі 2030 жылдың 12 шілдесіне дейін жалғасады. Ал жаңа бас хатшы қызметіне 2026 жылдың 13 шілдесінен бастап кіріседі.

ҚАЗАҚСТАН  ФУТБОЛЫ  ҮШІН  ТАРИХИ  ТАҒАЙЫНДАУ

Бұл шешім Қазақстан футболы тарихындағы ерекше оқиғалардың бірі болып отыр. Себебі бұған дейін ҚФФ басшылығына ағылшын Премьер-лигасында, нақтырақ айтқанда «Тоттенхэм Хотспур» клубында футбол директоры ретінде қызмет атқарған маман тағайындалмаған.

Скотт Муннның халықаралық деңгейдегі тәжірибесі қазақстандық футбол жүйесін жаңа сатыға көтеруге бағытталған реформаларға серпін береді деп күтілуде.

МУННЫҢ  АЛДЫНДА  ҚАНДАЙ  МІНДЕТТЕР  ТҰР?

Қазақстан футбол федерациясы соңғы уақытта басқару жүйесін жаңарту, инфрақұрылымды дамыту және футбол сапасын арттыру бағытында бірқатар өзгеріс бастаған болатын. Скотт Мунн осы жұмысты жалғастыруы тиіс.

Оның негізгі міндеттері қатарында:

  • төрешілік жүйесін реформалау;
  • футбол академияларын дамыту;
  • спорттық инфрақұрылымды жақсарту;
  • клубтарды басқару және лицензиялау стандарттарын күшейту;
  • коммерциялық және медиа бағытты тұрақты жүйеге келтіру;
  • УЕФА және ФИФА ұйымдарымен әріптестікті тереңдету бар.

Данияр  СҰЛТАН,

сарапшы, спорт журналисі

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: