Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Токио Олимпиадасы екі жылдан кейін өтуі мүмкін

15.03.2020, 15:07 178 0

Токио Олимпиадасы коронавирусқа байланысты бір немесе екі жылдан кейін өтуі мүмкін.

Дереккөздің ақпараты бойынша, бұл туралы жапониялық ұйымдастыру комитетінің мүшесі Харуюки Такахашиге сілтеме жасап «Wall Street Journal» мәлімдеген.

«Жазғы ойындар өтпей қалмайды. Тек уақыты шегерілетін шығар. Әйтпесе халықаралық олимпиада комитеті қиын жағдайда қалады», – деді Такахаши. 

Комитет мүшесінің айтуынша, Олимпиаданы келесі жылы өткізу қиын болады, себебі ол кезге маңызды спорт сайыстары жоспарланып қойған. Сондықтан ол Жазғы ойындарды екі жылдан кейін өткізген дұрыс деп есептейді.  

Еске салайық, негізі Токио Олимпиадасы 24 шілде мен 9 тамыз арасында өтеді деп жоспарланған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: