Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тигран Барсегян: «Қазақстан мені күн сайын таңғалдыруда»

28.01.2020, 15:51 468

2019 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының ең жарқын орындаушыларының бірі ретінде «Қайсар» және Армения құрамасының ойыншысы Тигран Барсегянды атауға болады. Бұл футболшының ойыны жүріп тұрған кезде қызылордалық команда қарсыластарының қорғаушыларына оңай болмағаны анық.
Маусым соңында «қасқырлармен» келісімшарты аяқталған 2019 жылғы ҚПЛ-ның үздік сұрмергендерінің бірі мансабын басқа клуб сапында жалғастыруға шешім қабылдаған еді. Тигранға Қазақстаннан бөлек, бірнеше шетелдік клубтар қызығушылық танытқанымен, ол Қазақстанның алты дүркін чемпиондарының қатарына қосылған болатын.

Осы орайда, республикалық Sports.kz интернет-порталының тілшісі елорда командасының жаңа ойыншысынан сұхбат алып, Тигран Барсегяннан алдағы жоспары туралы сұраған еді.

— Тигран, өткен маусым соңында Сізге көптеген клубтардан ұсыныстар болғаны туралы жиі сөз болды. Нәтижесінде, Сіз «Астана» футбол клубымен келісімшартқа қол қойдыңыз. Неліктен, мұндай шешімге келдіңіз?
— Отбасыммен ақылдасып, елорда командасын таңдадым.
— Құпия болмаса, басқа қандай клубтардан нақты ұсыныстар болды?
— Көптеген клубтар маған келісімшарт ұсынғаны рас. Бірақ, мен «Астана» сапында ойнағым келді.
— MLS-тен түскен ұсыныс қаншалықты нақты болды?
— АЕК немесе басқа командалар сияқты ол да өте нақты ұсыныс болды.
«Астана» ойыншылары Сізді қалай қабылдады?
— Мені өте жақсы қабылдады.
«Астана» сапында Сізді шабуылдың оң жақ қапталында Марин Томасов сияқты мықты ойыншымен бәсекелестік күтіп тұр. Қаншалықты дайынсыз?
— Бәсекелестік бізді күшті ететіні анық.
— Мүмкін, Михал Билек Сізді басқа позицияда сынап көргісі келетін шығар? Ол туралы айтқан жоқ па?
— Білмеймін. Барлығы да мүмкін.
— «Қайсар» сапында өткізген маусымнан кейін «Астана» сияқты клуб құрамында өзіңізді тағы да дәлелдеуге тура келеді. Осыған қаншалықты дайынсыз?
— Мен «Қайсар» сапында да өзімнің үздік екендігімді күн сайын дәлелдеген болатынмын. Оны елорда командасының құрамында да жасайтын боламын. Құдай қаласа, барлығы жақсы болады.
— Сіз осыған дейін Македония чемпионы атанған едіңіз. Қазақстанда да осындай нәтижеге жетудің сәті келді деп ойлайсыз ба?
— Иә, мен Қазақстан чемпионы атанғым келеді.
— «Астана» сапындағы ойыныңыздан не күтесіз?
— Көп жеңіс әрі көп гол.
— Қазақстанда өткізген бір жылдың ішінде жергілікті өмір салтына үйренісіп үлгердіңіз бе?
— Солай деуге болады. Біздің өміріміз осындай: бүгін осында, ертең басқа жақта.
— Қазақстан Сіздің әлі де таңғалдырып жатыр ма?
— Шынында, Қазақстан мені күн сайын таңғалдыруда. (Күліп).

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: