Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тасқа түскен таңбалар

06.02.2020, 10:51 1562

Қазақстан жер көлемі бо­йынша  дүниежүзінде 9-орында тұрғанын жақсы білеміз. Осыншама кең-байтақ жері­мізді ата-бабаларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен жан-жақтан төнген жауларына қарсы тұрып ұрпағымызға аманат­ етіп қалдырды. Қасиет­ті жерімізді аман сақтап қалуда қаншама боздақтарымыз қан төгіп, дала майданында жандарын пида етті. Қаншама білекті де жүректі Алаштың батыр­ ұлдары ерен ерлік көр­сетіп, туған жерімізді сыртқы жаудан қорғады. Ендеше, сол қарсы келген жауға қаймықпай қарсы шапқан әрбір қазақтың бойында батырлықпен қоса жекпе-жек өнерін шебер меңгергендігін таста жазылған таңбал­ар арқылы тарих рас­тайды. Одан қазақтың жауынгерлік сайысқа деген дайындығы өте жақсы болғандығын білеміз. Енді сол ата-бабамыздың қанында бар жауынг­ерлік жекпе-жек өнерін бүгінгі таңда жаңа заман ағы­мына икемдеп қайта түлетіп дамыту, орайы келген жақсы істің бірі болып  тұрғандай.

Қазіргі кезде елімізде жауын­герлік күрес түрін дамыту ерекше қолға алына бастады. Әрине, бүгінгі көптеген жекпе-жек спорт түрлеріне қарай отырып,­ «жауынгерлік күрес қандай күрес?» деген орынды сұрақ туындайды. Осы бір жекпе­-жек өнерінің Қазақстандағы спорт ареналарынан көріне бастауына назар салып келген даңқты балуан, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров айтулы спорттың болашағы жарқын екеніне сені­ммен  қарайды. Иә, Олимпиада асуын­ бағындырған  Жақсылық аға­мыздың жауын­герлік күреске деген көзқарасы өте жақсы.

Өткен жылы осы «Жа­уынге­рлік күрес» түрін түбірін қа­зып, шығу тегін ғылыми тұр­ғыда зерттеп­, ел назарына ұсынуда табанды еңбек етіп жүрген еліміздегі «Жауынге­рлік  күрес» феде­рациясының президенті, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Халық Қожахметтің қаламынан шық­қан­ туындысының тұсаукесері өтті. Оқырманға жол тартқан кітаптың тұсауын даңқты балуан­ Жақсылық Үшкемпіров СТВ телеарнасында салта­натты  түрде  кескен  еді. Бұл да – 2019 жылдағы ел спортындағы елеулі оқи­ғаның бірі деп есептеуге бо­латын  шара.

Осы саланың жілік майын шағып жүрген білікті маман Халық Қожахмет жауынгерлік спорт түрінің тарихы мен ертеңі туралы толыққанды сұхбат беріп, әңгіме өрісін кеңіне­н тарқатқан еді. Дегенмен де осы бір спорттың еліміздің аламан спорт алаң­дарынан ойып тұрып орнын алатыны туралы бұқара халық әлі де болса өз сөздерін айтқан жоқ. Бәлкім, енді ғана аяғын нық баса бастаған бұл спортқа жарнамалап насихаттау жағы әлсіз болып тұрған шығар.

Енді, сөз етіп отырған «Жауын­герлік күрес» жекпе-жегінің тарихы мен ерек­шеліктеріне аз-кем тоқтала кетсек. Қазақстан жерінде ежелгі дәуірден-ақ жауынгерлік күрестің пайда болуының негізгі куәсі ретінде тастағы суреттерді алып қарас­тыруға  болады.

Орта ғасырда күрес көш­пенділердің әскери дайын­дықтарының  әдеттегі  элементі болды. Жаттығу барысында қашып бара жатқан қарсы­ласын мықты қолмен тартып құлатуға үйренген. Кейбір түркі халықтарында қарусыз ат үстіндегі күрес әлі де бар. Қарсыла­сын белдігінен ұстап жерге бірінші болып құлатқан адам жеңімпаз болып есептелді.

Біз әрқашанда тарих түбі­нен сыр беретін құндылық­тарымызды насихаттау парызымыз деп санасақ, елімізде «жауынгерлік күрес» өнерінің шығуы мен қалыптасуы әрбір Алаш азаматының ұлттық намыс­ын өсіріп, мерейін кө­терсе деген ойды ұмытпаға­нымыз ләзім. Өйткені, төл спорттың өнерімізді әспеттеуге дайын азаматтардың арқасында «Жауынгерлік күрес» түрі тарих қойнауынан жар­қырап жаңа заман белесіне шығып  отыр.

Бүгінгі таңда айтулы спорт түрінен Қазақстан Республикасының жауынгерлік күрес федера­циясы (ЖКФ) құрылып, ел чемпионаттары жа­лауын көтере бастады.

«Жауынгерлік күрес» тәсіл­дері мен әдіс-айлаларының тек олимпиадалық жекпе-жек түрлері (дзюдо, еркін және грек-рим күресі, тхэквондо, бокс) енгізілгендіктен жекпе-жекке шығатын спортшы атал­ған спорт түрлерін жетік меңгеруі өздері үшін маңызы зор.

Жауынгерлік күрестің басты ерекшелігі – жекпе-жектің күрес уақытында қолмен соққы жасауға, аяқпен іштен және жоғары тебуге, табан тіреп  ұстатқан  сәтте  тобықтан қағу­ға, шалуға рұқсат етіледі, ал ұстатқан бетте қолмен аяқтан алуға болмайды. Баспен, шынтақпен, тіземен соққы жасауға болмайды. Құлап жатқан адамды тебуге, соғуға рұқсат етілмейді. Жауын­герлік  күрестің ауқы­мы, көкжиегі өте кең, оның ең бір ерекше тұсы мұнда төрт­тағандату /партер/ жоқ.

Қазіргі кезде Қазақстанда «Жауынгерлік күрес» түрін дамыт­у үшін бар күш-жігері мен тәжірбиесін салып, шап­қылап жүрген еліміздегі айтулы федерациясының президенті Халық Қожахмет сынды бірді-екілі азаматтардың елеулі талпы­ныст­ары әлі де еленбей келеді. Тасқа түскен таңбаларды тірілту жолында табандылық танытып, әрекет жасап жүрген жандарға жан-жақты жоғарыдан қолдау жұмысы жетпей тұрғанын  байқаймыз.

Теңіз асып Америкадағы баспасөз беттерінен Жауынгерлік күрес түріміз жақсы қырынан дәріптелініп жатқанда, өз жерімізде бұл спортқа қолдау  жағы  әлі де баяу болып тұрғаны әрине, өкінішті-ақ. Дегенмен де ұлттық құндылығымыздың бір бөлігі болып тұрған  айтулы  спорт  күндер­дің  күні  салтанат  құратынына сенім зор. Оған уақыт өзі төреші.

Ақын  ОРДАБАЙҰЛЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: