Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай журналист қыздар арасында үстел теннисі турнирі ұйымдастырылды. Турнирдің ашылу салтанатында қала әкімінің орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов сөз сөйлеп, қатысушыларды кәсіби мерекемен құттықтады. Бұл туралы Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімі ақпарат таратты.
Турнирге қатысушылар жоғары шеберлік пен спортқа деген қызығушылықтарын көрсетті. Нәзік жандылардың бұл жарысы журналистердің тек қалам шебері ғана емес, спорт алаңында да белсенді әрі бәсекеге қабілетті екенін айқын аңғартты.


Жарыс қорытындысы бойынша «Ақмешіт жастары» газетінің тілшісі Аружан Оралбай 1-орынды иеленді. Қызылорда қоғамдық телеарнасының редакторлары Гүлнұр Ерниязова мен Шапағат Торғай 2-ші және 3-орындарды бөлісті. Ал «Сыр бойы» және «Сыр дидары» басылымдарының қатысушылары ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Барлық жеңімпаз бен жүлдегерлерге қала әкімінің арнайы марапаттары мен қаржылай сыйлары табысталды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!