Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыр спортшыларының жетістіктері

23.01.2020, 10:48 1249

Облыс спортшылары өткен жылы ҚР чемпионаттарында 1457 медальды жеңіп алса, Әлем және Азия чемпионаттарында 170 медальға қол жеткізді.

Облыстың 578 спортшысы ҚР Ұлттық құрама сапына енді.

Олардың қатарында Жапонияның Сайтама қаласында мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленіп, төрт айналым элемент секірген әйелдер арасында тұңғыш рет тарихқа енген Элизабет Тұрсынбаева бар.

Сондай-ақ, АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында өткен Әлем чемпионатында Сәпи Есенгелді және Бекболат Рахат жеңімпаз атанды. Облыс тарихында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында бұл алғашқы медаль болып табылады.

Нұр-Сұлтан қаласында еркін күрестен өткен Әлем чемпионатында Дәулет Ниязбеков күміс жүлдені иеленіп, 2020 жылы Токиодағы Олимпиада ойындарына жолдама алды.

Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан өткен Әлем чемпионатында Қамшыбек Қоңқабаев – күміс, Тұрсынбай Құлахмет қола жүлделерге ие болды.

Алматы қаласында қазақ күресінен өткен «Әлем барысы» әлем чемпионатында Мақсат Исағабылов қола жүлдені иеленсе, Ақтөбе қаласында қазақ күресінен өткен Әлем чемпионатында Нұрым Сәлімгереев алтын медаль иеленіп, әнұранды шырқатты.

Басты жаңалық – «Қайсар» футбол командасының Қазақстан кубогы ойындарында жеңімпаз атануы. Команда 20 жыл уақыттан кейін екінші рет финалға шықты. Алдағы мақсат – биылғы жылы Еуропа лигасында лайықты өнер көрсету.

Атқарылған жұмыстардың нəтижесінде Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ұйымдастыруымен «Алтын Самғау – 2019» ұлттық спорттық жүлдесі байқауы бойынша республикада облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы «Үздік спорттық өңір» номинациясының жеңімпазы атанды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: