Дәл осы тақырыппен Спорт күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Президент саябағында ұйымдастырылған кеште спорт саласының ардагерлеріне, мамандарына, сондай-ақ спортты дамытуға үлесін қосып жүрген азаматтарға облыс әкімінің алғыс хаттары, қаланың ең жоғарғы марапаты – «Құрмет грамотасы» табысталды. Бұл туралы Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.
Мерекелік іс-шарада қала әкімінің орынбасары Еркін Турабаев спортшыларды құттықтап, марапат төріне шығарды. Өз кезегінде сала ардагерлері мен мамандары, спортшылар көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдірді.


Ерекше леп сыйлаған кеште көркем гимнастика мен заманауи би өнерінің қойылымдары әдемі әсер сыйлады. Көпшілік арасында түрлі спорттық сайыс ұйымдастырылып, спорттың бұқаралық сипат алуына және саламатты өмір салтын насихаттауға мән берілді.
Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаға ұласып, спортшылар мен өнерпаздардың өнері көпшілікке ұсынылды. Кеш соңында көкке көтерілген отшашу айтулы күннің жарқын қорытындысына айналды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!