Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Спорт тарихындағы рекордтық келісімшарт жасалды

19.07.2020, 11:00 400

HALYQLINE.KZ Ұлттық футбол лигасында «Канзас-Сити Чифс» намысын қорғайтын Патрик Махоумс клубпен 502 миллион долларға 10 жылдық жаңа келісімшартқа қол қойған. Бұл – спорт тарихындағы рекордтық келісімшарт.

Мұның алдындағы рекорд бейсболшы Майк Тратуға тиесілі еді. Ол 2019 жылы «Лос-Анджелес Энджелс» командасымен 430 миллион долларға 12 жыл ойнайтын болып келіскен болатын.

24 жастағы Махоумстың келісімшарты 2022 жылдан бастап күшіне енеді. Қазіргі келісімшарты бойынша ол алдағы екі маусымда 27,6 миллион айлық алады.

«Канзас-Сити» өткен жылы Ұлттық футбол лигасының чемпионы атанған болатын. Финалдық кездесуде, яғни Суперболда бұл команда «Сан-Франциско Форти Найнерс» командасынан үстем түсті. Ал, Махоумс болса кездесудің ең құнды ойыншысы атанды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: