Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Спартакиадада олипиадалық спорт түрлерінен Маңғыстау командасы 19-орын алған

21.02.2024, 21:30 162

Жақында ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Мыржықпаев 2023 жылғы қызметі мен 2024 жылға қойылған негізгі міндеттеріне арналған кеңейтілген алқа мәжілісін өткізді. Министрдің мәліметінше, 2023 жылы өткен ҚР Спартакиадасында олимпиаданың 27 спорт түрі бойынша Маңғыстау командасы 19-орын алыпты. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт минстрлігі мәлімдеді.

Төрт жылда бір рет өтетін ҚР Спартакиадасында еліміздің түпкір-түпкірінен жиырма команда қатысқан жарыста Маңғыстау командасы 19-орын алған.

Маңғыстау облысы жеңіл атлетика, су спорты түрлері, ауыр атлетика, велоспорт және гандболдан жарысқа спортшылар қатыспаған. Жыл сайын бюджеттен Маңғыстау облыстық спорт басқармасына 8 млрд теңге бөлінеді. Демек, бюджеттен қарастырылған қаражат спортшыларға дұрыс үйлестірілмей жатыр. Жалпы облысымызда футбол, баскетбол, волейбол және «Маңғыстау бокс» клубтарына бюджеттен бөлінеді. Қалған спорт түрлеріне клуб ашып қаржы бөлу керек. Сонда нәтижие болады.

Отыз екі жылдан бері футбол, баскетбол, волейбол кәсіби клубқа миллиондаған теңге бөлініп келеді. Бірақ резултать жоқ. Жеңіл және ауыр атлетика мен велоспорт пен су спорт түрлерін спорт басқармасы қаржыландырып, клуб ашпай ма екен? Медальдің барлығы дерлік осы төрт спортта екенін басқармамыз біле ме екен? Жалпы жазғы олимпиада ойындарындағы медаль саны ең көп спорт түрі мыналар: жеңіл атлетикада – 48, су спорты түрінде – 37, велоспортта – 22, ауыр атлетикада – 14 комплект медаль бар. Болашақта клуб ашылса, Маңғыстау спорты дамиды деп сенеміз.

Сондықтан жазғы олимпиадалық спорт түрлеріне спорт басқармасы қатты көңіл бөлуі керек.

Айбек Мұханов

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: