Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Шетелдік футболшылар Қазақстанға ақша үшін келеді»

24.04.2020, 16:03 415

HALYQLINE.KZ –| Танымал спорт заңгері Михаил Прокопец Championat сайтына қазақстандық клубтардың бірінде коронавирустық пандемияға байланысты футболшылардың жалақысын төмендету ниеті туралы айтып берді.  

— Пандемияға байланысты клубтар жалақыны және қызметкерлерді қысқарта ма?

— Иә, көптеген еңбек дауы болды. Біз жұмыстан босатылған қызметкерлердің жұмысын қарастырамыз. Командалар шығынға батқысы келмейді, бірақ кейде футболшылар мен қызметкерлердің құқықтары бұзылмауы керек екенін ұмытып кетеді. 

— Кім көбірек шағымданады? Клубтар немесе ойыншылар?

— Ойыншылар. Біздің Қазақстанда кеңсеміз бар. Менің ешкімді ренжіткім келмейді, бірақ шетелдіктер Қазақстанға негізінен ақша үшін келеді. Легионерлерді жалақысының бір бөлігінен айыруға тырысқанда олардың алаңдайтыны түсінікті. 

— Бұл не әкеледі?

— Қазақстанда, заңға сәйкес, жұмыс уақыты тоқтаған жағдайда олар «ең төменгі жалақы» төлей алады, шамамен 9 мың рубль. Ал, клуб ойыншыларға келіп, жалақыларыңызды 50%-ға қысқартатын боламыз, десе әрине заңгерлер бұл іске араласады.  

— Бұл қалай аяқталады?

— Жалақыны тек 10% төмендету қажет. Клуб басқа да уәждерді қарап шығып, олармен дауласудың қажет емес екендігін түсінеді. Осындай жағдайда ФИФА клубтар мен ойыншыларға бір-біріне қарсы шықпауға кеңес берді. Жағдай ерекше және ұлттық заңнамаға келмес бұрын қос тарап келісу қажет.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: