Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шағын футболдан турнир өтті

17.02.2020, 9:40 430

Қызылорда облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 31 жыл толуына орай шағын футболдан турнир өтті.

«Динамо» спорт кешенінде өткен турнирге облыс бойынша құқық қорғау органдарының құрама командалары қатысты.

Спорттық шараның ашылу салтанатында алғы сөз Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нәлібаев Пазылбек Машбекұлына берілді. Ол Ауған соғысы ардагерлерінің ерлігі бүгінгі жастарға мықты тәлім болатынын айта кетіп, мұндай шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Бір күнге созылған спорттық бәсекенің нәтижесінде шағын футболдан І орынды Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің командасы, ІІ орынды ҚР ІІМ-нің ҰҰ № 5547 әскери бөлімі және ІІІ орынды Қызылорда облысы Полиция департаментінің құрамалары бөлісті.

Жеңімпаздар мен жүлдегер командалар жарыс кубогымен, дипломдармен марапатталды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: