Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Роналду неге тату салдырмайды?

30.05.2020, 9:00 634

HALYQLINE.KZ Бүгінде денеге сурет салдырудан алғашқы орынды өнер жұлдыздары мен спорт жұлдыздары бермей отыр. Тіпті көбінің басынан аяғына дейін татуы бар десек қателеспейміз. Біреулер балаларының, жақындарының есімін жаздырса, енді біреулері сүйікті кумирінің суретін салдыруға құмар.

Қазіргі футбол әлемінде тату салдыру сәнге айналғаны рас. Әлемде әрбір төртінші футболшының денесінде тату бар екен. Алайда бұл әдет Португалия құрамасы мен туриндік «Ювентус» клубының сұрмергені, әйгілі футбол жұлдызы Криштану Роналдуды айналып өтті.

Роналду неліктен тату салдыруға қарсы? Жанкүйерлердің де көкейін осы сұрақ мазалаған. Оның негізгі себебі – әйгілі португалдың қайырымдылықпен айналысуында. Футбол жұлдызы 2010 жылдан бері лейкемиямен ауыратын балаларға қан тапсырады. Ал денесінде татуы бар адам донор бола алмайды. Көп жағдайда татуы бар адам қан тапсырған кезде инфекция түсуі ықтимал. Осы себептен Роналду денесіне тату салдырудан түбегейлі бас тартқан. Айта кетейік, бес дүркін «Алтын доп» иегері жиі қайырымдылық жасап тұрады.

Жандарбек ЖҰМАҒҰЛОВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: