Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Роналду – ХХІ ғасырдағы ең үздік пенальти орындаушы

30.07.2020, 10:30 314

HALYQLINE.KZ ХХІ ғасырдағы ең үздік пенальти орындаушылардың көшін Португалия ұлттық құрамасы мен Туриннің «Ювентус» клубының шоқжұлдызы Криштиану Роналду бастап тұр.

Жаңа ғасыр табалдырықтан аттаған кезден бері түрлі жарыстарда өнер көрсеткен Роналду қарсыластар қақпасын 11 метрлік нүктеден 114 мәрте дәл көздеді. Бұл жағынан 35 жастағы сұрмергеннің алдына ешбір футболшы түсе алмайды. Екінші және үшінші орындарда – 2017 жылы спорттық карьерасын аяқтаған «Романың» капитаны, италиялық Франческо Тотти мен ұзақ уақыт бойы «Барселонаны» өрге сүйреп жүрген аргентиналық Лионель Месси. Олардың әрқайсысы 75 реттен пенальтиді мүлтіксіз орындады.

Сонымен қатар, үздіктер санатында Златан Ибрагимович (64 гол), Фрэнк Лэмпард (50), Эдинсон Кавани (48), Стивен Джеррард (46), Алессандро Дель Пьеро (44), Роналдиньо (44) және Серхио Агуэро (41) сынды саңлақтар бар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: