Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Роналдо үздіктерді атады

20.06.2020, 17:00 468

HALYQLINE.KZ Футболдан Бразилия ұлттық құрамасының бұрынғы шабуылшысы Роналдо спорт тарихындағы ең үздік төрт ойыншының есімін атады.

«Мен үшін Пеле, Марадона, Лионель Месси және Криштиану Роналдудың төрттігіне тең келер ешкім жоқ. Ешкімге ұқсамайтын өзінің ойын мәнерлерімен олар әлемдік футбол тарихында өшпейтұғын із қалдырды. Әрқайсысы – өз дәуірлерінің теңдессіздері. Сол себепті де мен айтулы теңбіл доп шеберлерін бөле-жара атап отырмын, – дейді Роналдо.

Сонымен қатар, Бразилияның шоқ жұлдызы Мұхаммед Салах, Эден Азар, Неймар және Килиан Мбаппенің өнеріне ерекше сүйсінетінін тілге тиек ете отырып, олардың да болашағы жарқын екеніне қылаудай да күмән келтірмейтіні айтқан еді. 

43 жастағы Роналдо да кезінде өз дәуірінің шоқ жұлдыздарының бірі болды. 1993-2011 жылдар аралығында «Крузейро», ПСВ, «Барселона», «Интер», «Реал», «Милан» және «Коринтианста» ойнады. Клубтық деңгейде 384 кездесу өткізіп, 280 рет нысананы дәл көздеді. Бразилияның жасөспірімдер, олимпиадалық және ұлттық құрамалары сапында өнер көрсетіп, екі дүркін әлем чемпионы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Конфедерация кубогының жеңімпазы, Америка кубогының екі жүркін жеңімпазы және Атланта Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.

Роналдо 1996, 1997, 2002 жылдары ФИФА-ның таңдауы бойынша жыл ойыншысы атанды. 1997 және 2002 жылдары «Алтын допты» иеленді. 1997 жылы «Алтын бутсыны» еншіледі. Айтулы футболшы одан басқа тағы да көптеген атақтарға қол жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: