Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Реалдың» сәтсіз трансферлері

15.06.2020, 17:40 443

HALYQLINE.KZ  Англиялық Daily Mirror басылымы «Реал Мадрид» футбол клубының соңғы он жылдағы он сәтсіз трансферін атады, деп жазады Prosports.kz.

Аталған тізімде Хамес Родригес, Фабио Коэнтрао сынды танымал ойыншылар да бар. 

Daily Mirror нұсқасы бойынша «Реал Мадридте» жолы болмаған ТОП-10 футболшы:

Фабио Коэнтрао

2011 жылы 27 миллион фунт стерлинг жұмсап сатып алды. «Реал» сапында 7 жылда, 89 ойынға қатысты.

Нури Сахин 

Түрік футболшысы үшін «Реал» 9 млн фунт жұмсады. Бірақ ол 3 жылда 10 ойынға ғана қатысты. 

Асьер Илларраменди

2013 жылы 28,8 млн фунтқа ауысып келді. Екі жылдан кейін «Реал Сосьедадқа» қайтты.

Лукас Сильва

Бразилиялық футболшы үшін 2015 10,5 млн фунт жұмсады. Алайда 2019 жылға дейін ол бар болғаны «Реал» сапында 9 ойын ғана өткізді. 

 Хамес Родригес

2014 жылғы әлем чемпионатынан кейін оны 63 млн фунтқа сатып алды. Бірақ колумбиялық ойыншы екі маусым өзге клубтарда жалда ойнады.

Данило 

2015 жылы бразилиялықты 23 млн фунтқа сатып алды. Бірақ екі жылда 41 ойынға ғана қатысты. 

Тео Эрнандес

Франциялық жас қорғаушы Марселоның орнын тартып ала алмады. 

Брахим Диас 

2019 жылы қаңтарда «Реалға» ауысты. Содан бері бар болғаны 3 матчқа ғана қатысты. 

Мариано Диас

2018 жылы жазда «Лион» клубынан қайтарып алды. Бірақ мадридтік клубта өз орнын таба алмады. 

Лука Йович 

Сербиялық шабуылшы үшін «Реал» 50 млн фунтқа шығындалды. Бірақ ол осы маусымда 4 ойында негізгі құрамда шығып, 2 гол ғана соқты. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: