Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық зілтеміршілер әлем чемпионатына қатысады

20.05.2021, 16:15 291

HALYQLINE.KZ  21-31 мамыр аралығында Өзбекстанның Ташкент қаласында ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгі жастар арасында Әлем чемпионаты өтеді.

Дүбірлі бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасы сапында жерлестеріміз, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Рахат Бекболат пен Айсамал Сансызбаева өнер көрсетеді.

Р.Бекболат 30 мамыр күні 102 келі салмақ дәрежесінде жарыс жолына шықса, А.Сансызбаева 31 мамыр күні 87 келіден жоғары салмақта Қазақстан намысын қорғайды. Айта кетейік, былтырғы жылы Перудің Лима қаласында жасөспірімдер арасында өткен Әлем кубогында қос спортшы жеңімпаз атанған болатын. Сыр спортшыларына сәттілік тілейміз!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: