Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық студенттер дүниежүзілік универсиадаға жолдама алды

16.06.2021, 11:40 409

HALYQLINE.KZ

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына арналған Қазақстан Республикасының XI жазғы Универсиадасы өз мәресіне жетті. Еліміздегі 100-ден аса жоғары оқу орны ішінен 60 университет өз студенттеріне  шараға қатысуға жағдай жасап, додаға қосты. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің арманына қанат байлап барған спортшылары үмітті ақтап, жалпы командалық есепте бестікке кірді.

          Спорттың 20 түрінен 136 спортшымыз жарыста бақ сынады. Нәтижесінде біздің қоржынымызда 11 алтын, 10 күміс, 25 қола медаль бар. Спорттың командалық түрлері бойынша тоғызқұмалақтан – 1 орын, армрестлинг, шахмат, волейбол, шағын футболдан – 3 орын иеленді. Бұл университетте жүйелі түрде спортшыларды жан-жақты қолдауға бағытталған жұмыстардың нәтижесі. Жеңімпаздар елдің құрама командасы сапында 2022 жылы Қытайда өтетін Дүниежүзілік жазғы Универсиадаға қатысуға жолдама алды.

Университетте студенттер үшін 11 спорттық секция жұмыс жасайды. Оқу ордамызда Әлем чемпионатының – 9, Азия чемпионатының – 27, Қазақстан чемпионатының – 120 жеңімпазы мен жүлдегері білім алуда.

Қорқыт ата атындағы ҚУ-дің медиа орталығы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: