Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық қос қыз шахматтан дүниежүзілік онлайн олимпиадаға қатысады

29.07.2020, 16:40 582

HALYQLINE.KZ  22 шілде мен 30 тамыз аралығында онлайн режимде Дүниежүзілік шахмат онлайн олимпиадасы өтеді. Тұңғыш рет онлайн түрде ұйымдастырылатын байрақты бəсекеде 163 елдің шахматшылары бақ сынасады.

Қазақстан атынан 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында жерлестеріміз, шахматтан 3 дүркін әлем, 7 дүркін Азия, 17 дүркін Қазақстан чемпионы Əсел Серікбай мен 2 дүркін әлем, 5 дүркін Азия, 14 дүркін Қазақстан чемпионы Назерке Нұрғали сынға түседі. Екеуі де халықаралық ФИДЕ шеберлері.

Қазіргі таңда шахматшы қыздар жарысқа тыңғылықты дайындалу үстінде. Олар аптасына төрт күн 6 сағаттан, сəрсенбі, сенбі, жексенбі күндері Chess.com, Lichess.org, Chess24.com сайттарындағы онлайн жарыстарға қатысып, шыңдалуда.

Қазақстан спортшылары 19 шілде күні сайысқа түседі.

Сыр спортшыларына сəттілік тілейміз!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: