Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық полицейлер Әлем чемпионатынан жүлделі оралды

25.10.2021, 17:50 472

HALYQLINE.KZ Қызылордалық полицейлер ережесіз жекпе-жектен Әлем чемпионатында жүлделі орындар алды. 2021 жылдың 20-23 қазан аралығында Қарағанды қаласында жасөспірімдер мен ересектер арасында ережесіз жекпе-жектен Әлем чемпионаты өтті.

Жарысқа әлемнің 30-дан астам елінен 1000-нан аса спортшы қатысты. Қазақстан Республикасының құрама командасы 9 түрлі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Айта кетерлігі, құрама командадағы спортшылардың көпшілігі еліміздің күштік құрылымдарынан жасақталған.

Оның ішінде Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторлары, полиция лейтенанттары Қоңқабаев Асқар Бисенбайұлы мен Турмаханов Алтынбек Туребекұлы 86 кг салмақ дәрежесінде сынға түсті. Тартысты додада полиция лейтенанты А.Қоңқабаев алтыннан алқа тағып, әлем чемпионы атанды. Ал полиция лейтенанты А.Турмаханов аталған салмақ дәрежесінің күміс жүлдегері атанды. Әлемдік доданың нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы командалық есепте 1-орынды иеленді.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызеті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: