Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада қыздар да доп тебеді

17.06.2020, 18:15 1767

HALYQLINE.KZ Футболдың әлемдегі №1 спорт екенін бәрі мойындайды, біледі. Қазіргі кезде ерлермен қатар доп тебуге жаны құштар қыздар да баршылық.

2009 жылдан бастап Қазалы ауданында №17 ОРМБЖМ-де футболдан қыздар үйірмесі ашылды. Аз уақыт ішінде қыздар командасы 2011 жəне 2013 жылдары ҚР чемпионаттарында екі рет қола жүлдені иеленсе, 2014 жылы Қазақстан чемпионы атанды.

2016 жылы Оренбург қаласында өткен турнирде күміс, 2017 жылы футзалдан ел чемпионатында 3-орынды еншіледі.

2019 жылы Қызылорда қаласында «Қайсар» футбол орталығы жанынан қыздар командасы құрылды.

2020 жылы осы орталықтан екінші топ ашылып, онда 2005-2006, 2007-2009 жылы туған қыздар жаттығады. Қазалылық қыздар Құндыз Қожахмет, Жансая Көпжанова жəне Сандуғаш Қожахмет ҚР құрамасында, ал Құндыз Қожахмет ұлттық құрама сапында өнер көрсетеді.

Қазалы командасын Əлішер Қауымбай, Қызылорда командасын Берік Сансызбаев жаттықтырады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: