Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада футзалдан республикалық турнир өтеді

25.03.2021, 16:30 399

HALYQLINE.KZ 27-28 наурыз күндері «Евразия» спорт кешенінде жауынгер-интернационалист Батыржан Шалғынбаевты еске алуға арналған футзалдан республикалық турнир өтеді.

Осымен 24 жыл қатарынан жалғасып келе жатқан жарысқа Түркістан және Қызылорда облыстарынан 30 команда қатысады. Турнирді ұйымдастырушылар – облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық футбол федерациясы, Батыржан Шалғынбаев атындағы қор.

Республикалық турнирде 1, 2, 3-орынды иеленген командалар мен номинация иегерлері диплом, кубок, ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Жарыстың басталуы 27 наурыз сағат 9:00-де, салтанатты ашылуы сағат 10:00-де.

Ойындар «Евразия», «Сейхун» спорт кешендерінде және №2 ОРМБЖМ-нің ойын залында өтеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: