Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда футбол түлегінің голы үздіктер тізіміне енді

23.09.2023, 20:00 145

Шымкенттің «Ордабасы» командасының жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген Ференц Пушкаш атындағы Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) сыйлығының «Жылдың үздік голы» номинациясына үміткерлер тізіміне қосылды.

Ол үшін FIFAсайтында жүргізілетін дауыс беруге қатысу керек. Жеңімпаз келесі жылдың басында белгілі болады.

Асхаттан өзге тағы он футболшы аталған тізімге енген:

1. Альваро Барреаль (Аргентина),

2. Линда Кайседо (Колумбия),

3. Хулио Энсисо (Парагвай),

4. Кан Сон Джин (Оңтүстік Корея),

5. Сэм Керр (Австралия),

6. Брайан Лосано (Уругвай),

7. Гильерме Мадруга (Бразилия),

8. Иван Моранте (Испания),

9. Нуну Сантуш (Португалия),

10. Беатрис Дзанератто («Бразилия).

Еске сала кетейік, Асхат Тағыберген бұл голды 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде 23 наурыз күні өткен Қазақстан мен Дания құрамалары арасындағы ойында соқты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: