Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қызылорда Арена» Сыр спортына серпін береді

12.10.2026, 17:10 75

HALYQLINE.KZ

Сыр спорты жаңа белеске көтеріліп, инфрақұрылымы қарқынды дамып келеді. Олай дейтініміз, қалада заманауи «Үстел теннисі», мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған инклюзивті спорт орталығы, «Қайсар Арена» стадионы қолданысқа берілді. Бұл туралы Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Сондай-ақ, жас таланттарды тәрбиелейтін «Қайсар Академиясы» футбол академиясының ғимараты да бой көтеруде. Енді міне, өңір спортшыларының әлеуетін жаңа деңгейге көтеретін «Қызылорда Арена» кешенінің құрылысы аяқталуға жақын қалды.

Халықаралық деңгейдегі «Қызылорда Арена» 9 дербес блоктан тұрады. Кешен әлем және Азия чемпионаттары сияқты халықаралық деңгейдегі ірі спорттық жарыстарды қабылдауға қауқарлы. Жаңа нысан халықаралық олимпиада стандарттарына сай жобаланған.

Сондай-ақ, ұлттық құрама командаларының оқу-жаттығу жиындарын өткізуге ыңғайланған 50 метрлік жүзу бассейні салынуда. 2 500-ге жуық көрермен залында футзал, баскетбол және волейболдан жоғары деңгейдегі ойындар ұйымдастырылады. Нысан тек спорттық іс-шаралармен шектелмейді. Мұнда ірі мәдени жиындар, концерттер, форумдар мен семинарлар өткізуге мүмкіндік беретін 150 орындық заманауи конференция залы қызмет етеді.

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: