Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қызыл қағаз» көп көтерілген күн

17.07.2020, 17:50 928

HALYQLINE.KZ «Испания Ла Лигасының 37-туры ел күтпеген оқиғаларға толы болды. Аталған турда 9 матч өтсе, соның жетеуінде 9 ойыншы алаңнан қуылды» деп жазады Prosports.kz.

Әдетте Ла Лига командалары дөрекі ойнағаннан гөрі, техникалық шеберлігі толысқан ойыншылардың арқасында әдемі ойын көрсетуге тырысатын.

Мұның себебі де көп болуы мүмкін. Біріншіден маусымның соңында күш-қайраттың таусылуынан ойыншылардың жүйкесі сыр беруі де ғажап емес. Оның үстіне коронавирус пандемиясы кесірінен біраз уақыт тоқтап қалған чемпионатта командалар үш күн сайын ойын өткізіп жатыр. Тағы бір себеп, індет кезінде жаттығуларын үй жағдайында жасаған футболшылардың спорттық бабы келіспей жатқаны көзге де ұрып тұр.  

Енді аталған матчтарға азды-кем тоқтала кетелік. Бір қызығы, 7 матчтың алтауында қонақтар жеңіске жеткен. Бірақ жеңістің көбі «қызыл қағаз» себебінен болды деп айтуға әсте келмейді. Қайта керісінше, ойыншылардың кейбірі матч соңында қуылып жатты.

«Атлетик» – «Леганес» – 0:2

Алаңнан қуылды: 22 Cимон (А)

«Барселона» – «Осасуна» – 1:2

Алаңнан қуылды: 77, Энрик (О)

«Бетис» – «Алавес» – 1:2

Алаңнан қуылды: 90 Хуанми (Б) – 90+5 Эли (А)

«Валенсия» – «Эспаньол» – 1:0

Алаңнан қуылды: 90+2 Коста (В)

«Мальорка» – «Гранада» – 1:2

Алаңнан қуылды: 80 Cедлар (М)

«Сельта» – «Леванте» – 2:3

Алаңнан қуылды: 90+4 Нолито (С) – 59 Мирамон (Л)

«Хетафе» – «Атлетико» – 0:2

Алаңнан қуылды: 90+2 Ньом (Х).

Еске сала кетелік, Примераның аяқталуына бір тур қалды. Мадридтің «Реалы» бір тур бұрын ел чемпионы атанды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: