Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қыздар құрамасы жеңімпаз атанды

21.06.2021, 16:45 452

HALYQLINE.KZ Ақтау қаласында белбеу күресінен ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының кубогы өтті. Дүбірлі бәсекеде Қызылорда облысының қыздар құрамасы командалық есепте бірінші орынды жеңіп алды.

Атап айтсақ, Бибіхан Нәбиева (52 келі) мен Нұрбану Убайдулла (76 келі) жеңіс тұғырына көтерілсе, Назерке Әбілтаева (52 келі), Алиса Нұртас (76 келі), Меруерт Әбубәкір (+76 келі) күміс жүлделерді иеленді. Зульфия Баянова (58 келі) мен Жансая Мұратқа (66 келі) қола жүлде бұйырды.

Ерлер арасында 82 келі салмақта Рахымжан Мансұр ел кубогының жеңімпазы атанды. 68 келіде Жомарт Қожахмет екінші, 57 келіде Бекзат Алдаберген, 62 келіде Мейіржан Қоқантаев, 90 келіде Айберген Алдаберген үшінші орындарды қанағат тұтты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: