Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Құны қымбат футболшылар

26.09.2020, 17:00 1211

HALYQLINE.KZ Заманауи футболда әр футболшының өз құны пайда болды. Немістің «transfermatkt» сайты 2000 жылдың мамыр айынан бастап жұмыс атқаруда. Жыл сайын әлемнің ең құнды ойыншылары ауысып отырады үздік сегіз ойыншы сайланады.

Бұл жылы сегізінші орында ағылшын жас жұлдызы Джейдон Малик Санчо орнықты. Мансабын англиялық «Уотфорд» командасында бастап, 14 жасында «Манчестер Сити» командасына ауысқан, 2017 жылы 31 тамыз күні немістің «Дортмунд» командасының ойыншысы атанды. Қазір Джейдон Санчо 117 миллион еуроға бағаланып отыр.

 Жетінші орынды бельгиялық Кевин Де Брейне алды. Гвардиоланың сүйікті ойыншысы өз мансабын оңай бастаған жоқ. Алғашында Гент пен Генг командаларында үздік ойын көрсетті, лондондық «Челси» клубына қосылды. Алайда сол кездегі «Челсидің» бас бапкері португалиялық маман Жозе Моуриньо Кевинның бойынан болашақ жұлдызды байқамай, оны немістің «Волвсбург» клубына жалға жіберді. Ақсүйектер қатарына қайта орала оны «Манчестер Сити» клубы сатып алды. Қазір Кевин 29 жаста, оны 120 миллион еуро деп бағасын бекіткен.

Алтыншы орында лондондық «Тоттенхем» көсбасшысы Харр Кейн орнықты. «Тоттенхем» академиясының түлегі болса да көптеген командаларда жалда жүрген. Қазір «Тоттенхем» капитаны 27 жаста және оны 120 миллион еуроға бағалауда.

 Бесінші орында – «Египет Құдайы» деп аталып кеткен Мұхаммед Салах. Бұл футболшы мансабын «Челси» академиясында бастап құрама командаға кірісе бастаған. Кевиннің соры болған Жозе Моуриньо оны бағаламай, римдік «Рома» клубына 5 миллион еуроға сатып жіберген. Кейіннен әлемге аты шыға бастағанда, «Ливерпуль» командасы футболшыны 42 миллионға сатып алды. Қазір «Мысыр Құдайы» 28 жаста, оның ойынын 120 миллионға бағалап отыр.

 Төртінші орыңда – «Сенегал электр пойызы» Садио Мане. Бұл ойыншы Сенегалдын Седиу деген кедей ауылынан шыққан. Бала күнінен кедейліктің сорын көрген. Футболдық мансабын франциялық «Мец» клубында, содан соң «Ред Бул Зальцбург» клубында жалғастырып, 2014 жылы англиялық «Соутгемптон» сапына ауысқан. Онда керемет екі маусым өткізіп, «Ливерпуль» сапына ауысты. Қазір Сенегал ойыншысы 28 жаста және өз командаласы секілді 120 миллионға бағаланып отыр.

Үздік үштікті бразилиялық Сан-Паулу қаласында туған керемет талант иесі – Неймар Да Силва Сантос Жуниор алып отыр. Бразилиялық «Сантос» клубының жас таланты өз мансабын сол клубта бастаған, кейін каталониялық «Барселона» клубына келіп қосылды. Аргентиналық «сиқыршы» Месси мен уругвайлық шабуылшы Суарес қосылып, Барселона шабуылында керемет трио жасады. Алайда 2018 жылы адам сенбес 222 миллионға франциялық «Париж Сен Жермейн» клубына ауысты. Қазір Неймар 28 жаста, оның ойынын 128 миллионға бағалап отыр.

 Екінші орында – англиялық ең жылдам ойыншы Рахим Стерлинг. Өз мансабын «Ливерпуль» клубында бастаған, алайда онда дұрыс ашылмай «Манчестер Сити» клубына ауысқан. Ол Ямайканың Кингстон қаласында туған. Қазір 25 жастағы Стерлинг ойыны 128 миллионға бағаланды.

Әлемдік футболдың алтын ұлы, адам сенбес талант иесі – франциялық жас ойыншы Килиан Мбаппе. Алғаш мансабын «Монако» клубында бастады. Онда Франция чемпионатын жеңіп, «Париж Сен Жермейн» клубына ауысты. Қазір Киллиан 21 жаста, оны әзірше 180 миллионға бағалауда. Бұл жастағы ойыншылар арасында  тіпті әлем футболшылары арасында жаңа рекорд болып есептеледі.

Осыдан 5 жыл бұрын ең қымбат ойыншы болған Месси қазір 112 миллионға бағаланса, Роналду тіптен 60 миллионға түсіп кетті.

Дамир СЕЙІЛХАНОВ,

Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың 1-курс студенті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: