Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ҚПЛ қашан басталады?

22.05.2020, 10:20 610

HALYQLINE.KZ Қазақстанның кәсіби футбол лигасы өз басшылығы мен клубтар өкілдерінің қатысуымен бейнеконференция өткізді, деп хабарлайды.

ҚФФ президенті Олжас Абраев футбол маусымын жалғастырудың екі нұсқасын ұсынды. Олардың біріншісі турнирді 15 маусымда, екіншісі 1 шілдеде қайта өткізуді қарастырады.

Екі жағдайда да маусымның қалған матчтары көрерменсіз өтеді. Әзірленген жоспарлардың әрқайсысын орындау үшін өкілетті органдардың рұқсаты, сондай-ақ қолайлы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қажет.

«Біз 1 шілдеде маусымның жалғасын көруге бейімбіз» – деді Абраев Prosports.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында.

Еске салайық, Қазақстан чемпионаты екі турдан кейін 16 наурызда үзілді. Турнир кестесінің көшін «Астана» бастап тұр. Елордалық команда үш турда («Астана» 3 ойын өткізген – ред.) 7 ұпай жинады. ҚР-2020 кубогының форматы да маусымның тығыз күнтізбесіне байланысты өзгеруі мүмкін.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: