Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Qazsport» телеарнасы қол күрестен Шардарада өткен жарысты көрсетеді

19.06.2021, 12:15 421

29-30 мамыр күндері Түркістан облысы Шардара қаласында әлемнің үздік қол күрес шеберлері мен Қазақстанның намысын қорғап жүрген шардаралық спортшылар арасында жекпе-жек өтті.

Армрестлингтен кәсіпқойлар арасында өткен жарысты «Qazsport» телеарнасының бас редакторы және тілшісі Индира Бектенованың арнайы репортажынан 21 маусым күні, сағат 18:20-да (Нұр-Сұлтан уақытымен) көре аласыздар.
Шардарада ұйымдастырылған сайыста бес жекпе-жек өткізілді. Онда мына спортшылар бақ сынады:

57 келіде:
Нұрмахан Ердәулет (Қазақстан) vs Ахмат Айбазов (Ресей) 5-0;

70 келіде:
Қадір Нұрдәулет (Қазақстан) vs Вилени Гаврава (Грузия) 4-1;

78 келіде:
Нұрдәулет Айдархан (Қазақстан) vs Роман Мантика (Украина) 5-0;

86 келіде:
Талғат Ақтаев (Қазақстан) vs Владислав Красовский (Латвия) 4-1;

95 келіде:
Қаржау Есболат (Қазақстан) vs Жасур Алиакберов (Өзбекстан) 4-1.

Айбек МҰХАНОВ,

ҚР Журналистер одағының мүшесі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: