Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстандық былғары қолғап шебері The Ring ондығына енді

28.12.2022, 16:05 193

HALYQLINE.KZ  Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов кәсіби мансабында тұңғыш рет өз салмақ дәрежесінде The Ring беделді журналының үздіктері тізіміне енді.

Әли Ахмедов жаңартылған бұл тізімде үздік ондықты түйіндеді. Екінші орта салмақтағы үздік боксшылардың көшін америкалық былғары қолғап Давид Бенавидес бастап тұрса, екінші орында оның отандасы Калеб Плант, ал ұлыбританиялық Джон Райдер үшінші орынға тұрақтаған. The Ring чемпиондық белбеуі осы салмақтағы «абсолют» жеңімпаз Сауль «Канело» Альвареске тиесілі.

The Ring жасақтаған үздік ондық қатары келесідей:

1. Давид Бенавидес (АҚШ)

2. Калеб Плант (АҚШ)

3. Джон Райдер (Ұлыбритания)

4. Давид Моррель (Куба)

5. Кристиан Мбилли (Франция)

6. Энтони Диррелл (АҚШ)

7. Эрик Базинян (Канада)

8. Владимир Шишкин (Ресей)

9. Зак Паркер (Ұлыбритания)

10. Әли Ахмедов (Қазақстан)

Еске салайық, 18 қыркүйек күні Әли Ахмедов Лас-Вегаста өткен Геннадий Головкин – Сауль «Канело» Альварес ІІІ бокс кешінде америкалық Габриэль Росадоны төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген болатын. Сөйтіп, ол екінші орта салмақтағы WBC Silver және IBF North American атақтарын иеленді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: