Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстан құрамасы тарихи жеңісіне қол жеткізді

27.09.2021, 23:55 427

«Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының ширек финалында Иран құрамасын 3:2 есебімен жеңді» деп хабарлайды Halyqline.kz ақпарат агенттігі.

Ойынның бірінші бөлігінде Қазақстан құрамасы сәтсіз ойнап, жауапсыз 2 гол жіберіп алды. 8-минутта Мослем Оладгобад ирандықтарды алға шығарса, 15-минутта Ахмед Эсмаилпур есепті еселеді. Қазақстандықтарда есепті қысқартатын, тіпті теңестіретін де мүмкіндіктер болды.

Бірақ, екінші таймда отандастарымыз жеңіске деген күш-жігер танытып, 3 гол соғып жартылай финалға шықты.

Кездесудің 25-минутындағы үзілістен кейін Иран қақпашысы Алиреза Самими өз қақпасына гол соқты. Тепкен – Дәурен Тұрсағұлов. Ал, 29-минутта қазақстандық шабуылшы Арнольд Кнауб есепті теңестірді. Ал 39-минутта Тайнан жеңіс голын соқты.

Жартылай финалда Қазақстан құрамасы Португалиямен кездеседі. Ойын 30 қыркүйекке жоспарланған.

Еске салайық, жартылай финалистердің тағы бір жұбы Бразилия мен Аргентина құрамалары болды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: