Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстан Косовомен жолдастық кездесу өткізеді

23.04.2021, 14:30 418

HALYQLINE.KZ Екі жақты келіссөздер аяқталып, УЕФА бұл ойынның өтуіне рұқсат берді.

Қазақстан ұлттық құрамасы 4 маусым күні Косово құрамасымен жолдастық матч өткізеді. Ойын Косово астанасы Приштина қаласындағы «Фадиль Вокри» стадионында ойналады деп жоспарланып отыр.

Айта кетуіміз керек, Косово мен Қазақстан құрамалары осы кезге дейін ешқандай кездесу өткізбеген. Десе де, Косово құрамасының ойыншысы Бернард Бериша Марат Быстровпен бірге «Ахмат» командасында тізе қосып өнер көрсетеді. Ал Косово құрамасының басты жұлдызы «Лацио» шабуылшысы Ведат Мурики екенін айта кетейік.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: