Қазалы ауданының спорт саласында сүйінші жаңалық!
2026 жылғы 6-11 қазан күндері Иордания Хашимит Корольдігінің астанасы Амман қаласында грек-рим күресінен ардагерлер арасында Әлем чемпионаты өтуде.
Байрақты бәсекеде қазалылық ардагер спортшы Самат Оспан 62 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, Әлем чемпионы атанды.
Самат Қобыландыұлы – №17 Қазалы ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің грек-рим күресі бөлімшесінің жаттықтырушысы. Ол бұған дейін үш мәрте Әлем чемпионатының жүлдегері атанып, ел мерейін үстем еткен болатын. Бұл жолы тәжірибесі мен шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеп, дүбірлі додада чемпиондық тұғырдан көрінді.
«Бұл – спортшының жеке жетістігі ғана емес, Қазалы ауданының спорт мектебі мен жас балуандары үшін үлкен үлгі әрі зор мақтаныш.
Жерлесімізді тарихи жеңісімен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, ел абыройын асқақтата беруіне тілектестік білдіреміз!
Қазалы ауданының мерейі үстем болсын! Жеңістеріңіз көп болғай, Самат Қобыландыұлы!» деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!