Дені сау ұрпақ – ел болашағының кепілі.
Бүгін Қазалы ауданның 95 жылдық мерейтойы аясында жаңа спорт алаңы пайдалануға берілді.
Тұрғындардың өмір сапасын арттыру, жастардың бос уақыттарын тиімді өткізуге арналған алаң Қазалы қаласында бой көтерді. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жаңа спорт алаңының ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет пен Қазалы ауданының Құрметті азаматы Болатбек Пұсырманов сөз сөйлеп, мерейтой аясында пайдалануға беріліп жатқан жаңа спорт алаңының ашылуымен құттықтады.
Сондай-ақ қала жастарының атынан Мейірбек Күнішов сөз сөйлеп, жастар үшін жасалып жатқан бұл игі істер үшін шынайы алғысын жеткізді.
Мұнан соң спорт алаңының салтанатты түрде лентасы қиылып, облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет пен аудан әкімі Мұхтар Оразбаев жас спортшыларға сәттілік тіледі.
Айта кетейік, іс-шараға ауданның 95 жылдық мерейтойына еліміздің түкпір-түкпірінен келген қонақтар да қатысып, қала тұрғындарының қуанышымен бөлісті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!