Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалы: Екі спорт алаңының құрылысы басталды

26.11.2021, 11:30 354

HALYQLINE.KZ Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентінде 2 бірдей спорт алаңының құрылысы басталды. Оның бірі аудан орталығындағы «Достық» шағын ауданында орналасса, екіншісі 5 квартал аймағындағы С.Сейфуллин атындағы №165 мектептің ауласына салынып жатыр.

Спорт алаңдарының құрылысын бастау үшін аудандық бюджеттен 18,1 млн теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда «Болашақ» ЖШС құрылыс жұмыстарын бастап кетті.

Айта кетейік, 5 квартал аймағындағы спорт алаңының құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланса, «Достық» шағын ауданындағы Қазалы гуманитарлық-техникалық колледж ауласындағы спорт алаңының құрылысы келесі жылға өтпелі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: