Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қанат Исламды жеңген боксшы қазақтардың «басын жұлуға» уәде етті

22.02.2023, 10:45 192

HALYQLINE.KZ Британиялық боксшы Джимми Келли қазақстандық боксшылар Геннадий Головкин және Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізгісі келетінні мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Келли былтыр қазақстандық Қанат Исламнан төрешілер шешімімен басым түскен болатын – 97-93, 96-94, 95-95. Бұл Қанаттың карьерасындағы бірінші жеңіліс болды.  

«Мен әлемнің мықты боксшыларына бәсекелес бола аламын. Жеке тұлға және боксшы ретінде өсіп келемін, маған Жәнібек Әлімханұлы сияқты аты шыққан боксшылар керек. Ол баяулап барады, ал мен керісінше, тағы бір қазақтың «басын жұлып алғым» келеді. 

Менің мақсатым – биылға бір үлкен айқас, Жәнібекпен Ұлыбританияда жұдырықтасуға қуанар едім. Егер Головкин орта салмақта бір айқас өткізгісі келсе, мен дайын. Аты шыққан бір қазақты жеңдім, оларды ары қарай сабай бере аламын», – депті Келли

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: