Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қамшыбек Қоңқабаев директор болды

18.09.2026, 8:25 64

HALYQLINE.KZ

Жерлесіміз, былғары қолғап шебері, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері әрі ұлттық құраманың бұрынғы капитаны Қамшыбек Бисенбайұлы «Спортшылар кеңесінің» басшылығына келді. Ел спортына қосқан үлесі үшін ол «Құрмет» орденімен және «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығымен марапатталған. Бұл туралы Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Спортшылар кеңесі» спортшылар мен спорт ардагерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау, туындаған мәселелер мен ұсыныстарды құзырлы органдарға жеткізу, спорт саласын өркендетуге бағытталған жобаларды қолдау және спорт қауымдастығы мен мемлекет арасындағы алтын көпірге айналу бағытында жұмыс істейді.

Қамшыбек Бисенбайұлының бай тәжірибесі мен спорттағы беделі Кеңес жұмысына жаңа леп әкелетініне сенімдіміз» деп жазылған хабарламада.

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: