Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қайсардың» ойыншысы вирус жұқтырған ба?

24.06.2020, 14:15 534

HALYQLINE.KZ «Қазақстан премьер-лигасы мен Бірінші лигасында бақ сынайтын бірнеше клубтың футболшылары коронавирус жұқтырып алған болуы мүмкін» деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Meta-ratings.kz сайты хабарлады.

Аталған ақпарат көзінің мәліметіне сүйенсек, Бірінші лигада өнер көрсететін СДЮШОР №8 командасының сегіз ойыншысы COVID-19 жұқтырды деген күдікке ілінген. Аталған команда жақында тағы бір елордалық клуб – «Астанамен» жолдастық матч өткізген. Ел чемпиондары сапынан да бес ойыншыдан коронавирус белгілері байқалып отыр.

«Астананың» барлық ойыншысы коронавирусқа қарсы тест тапсырды. Бірақ олардың нәтижелері әлі дайын емес.

Сондай-ақ, Премьер-лига мен Бірінші Лиганың командалары – «Қайсар» мен «Атырау» командаларында да коронавирус жұқтырғандар бар болуы мүмкін екені болжанып отыр.

Айта кетейік, футболдан Қазақстан чемпионаты 1 шілдеде қайта жалғасады деп жоспарланған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: