Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қайсар» тұңғыш рет тарихи матч өткізеді

17.09.2020, 11:30 321 0

Бүгін – Сыр спорты үшін тарихи күн! Иә, біздің бұл сөзіміз ерекше саналғанымен, айтар ойды әлі де тарылтып тұрғанға ұқсайды. Өйткені, бұл күн қазақ футболы үшін де тарих болып таспаға тартылмақ. Қызылорда уақытымен 17:00-де Шымкент қаласындағы Қажымұқан Мұңайт­пасов атындағы орталық стадионда «Қайсар» кипрлік «Апоэлғ­а» қарсы ойын өткізеді. Осылайша, сырбойылық команда тұңғыш рет Еуропа Лигасындағы жорығын бас­тамақ. Тарихи матчқа «Қайсар» тас түйін дайын. Бұл туралы­ сейсенбіде өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен онлайн брифингте команданың сарапшы­ бапкері Қанат Шерімбетов және команда капитан­ы  Асхат  Тағыберген  мәлімдеді.

«Қайсардың» қарсыласы – өз елінің 28 дүркін жеңімпазы, кипрлік «Апоэл». Еуро додаларда жақсы нәтиже көрсетіп жүрген команда. Бұған дейін біз аталған команданың Еуропа лигасында қазақстандық клубтардан өте алмағандығы туралы жазғанбыз. Бейресми деректерге сүйенсек, апоэлдықтардың жеребеге «Қайсардың» түспегені­н тілегені туралы айтылды. Десе де, бәс тігетін букмекерлер басымдықты күн сайын құбылтуда. Осы күні олар «Қайсардың» жеңісіне күмәнмен қарайды.

«Қайсардың» сарапшы бапкері Қанат Шерімбетов брифинг барысында команданың жаттығу жұмыстарына, футболшылардың жеке дайындықтарына тоқталды.

– Біздің команданың әлеуеті көңіл қуантады. Соңғы турлард­а фаворит командалармен кездесіп, әзірлікті пысықт­адық. Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы базад­а физикалық оқу-жаттығу жұмыстарын үздіксіз жүргізудеміз. Футболшыларда жарақат жоқ, барлығының алаңға шығуға мүмкіндігі бар. Жауапты ойында алаңға шығатын ойыншылар әлі нақтыланған жоқ. Құрамдағы барлық футболшы­лардың Еуропа лигасында дебютті ойынға дайындық­тары  жоғары, – деді ол.

Екеуара кездесуде Дания төрешілер құрамы қызмет көрсетеді. Бас төреші – Йенс Мое, көмекшілері Хейне Серенсен, Еспер Даль болса, Мортен Крог төртінші төреші  саналып  отыр.

Айта кетейік, «қасқырлардың» ел біріншілігінде  4 жеңіс, 1 тең, 2 жеңілісі бар. 13 ұпаймен 4-орында келеді­. Ал, «Қайсардың» қарсыласы «Апоэл» өз чемпиона­тында 3 матч өткізіп, 4 ұпаймен 7-орынға тоқтаған.

Рыскелді   ЖАХМАН

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: