Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қайсар» ойынын Шымкентте өткізеді. Неге?

06.08.2020, 17:40 524

HALYQLINE.KZ «Қайсар» футбол клубы Еуропа лигасының жеребесіне сәйкес өз алаңында ойнайтын болса, ойынды Шымкент қаласында өткізетіні белгілі. Не себепті? Себебі, Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионына сертификациялау жұмыстары жүргізілген жоқ. УЕФА тарапынан келетін сарапшылар Қазақстандағы карантиндік режиміне байланысты елге келе алмады. Яғни, ережеге сәйкес Қазақстанға шетел азаматтары кіре алмайды.

Сондықтан «Қайсар» футбол клубы Еуропа бәсекесін өткізуге екі алаңды ұсынды. Бірі – Алматының Орталық стадионы, екіншісі – Шымкент қаласындағы Қ.Мұңайтпасов атындағы алаң.

Еуропа лигасының ұйымдастырушылары Алматы қаласында бірнеше команда ойнайтын болғандықтан «Қайсардың» өз алаңы есебінде Қ.Мұңайтпасов стадионына таңдау жасады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: