Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қайсар» ойыншысы қайшылап теуіп гол соқты (Видео)

24.08.2020, 14:45 448

HALYQLINE.KZ  Қызылордалық «Қайсар» Olimpbet Қазақстан біріншілігінің 5-турында «Жетісумен» жолықты. Стойчо бапкер өткен турдағы құрамға сәл өзгеріс енгізді. Бірніші минуттан алаңға Элгуджа Лобжанидзе беттеді. Ойынның алғашқы жартысында қос қарсылас бір-бірбін бағамдап, аса қауіпті шабуылдар ұйымдастыра қоймады. 

Кездесудің шешуші сәті екінші таймда тіркелді. 75-минутта сол қапталдан Максим Фединнің асырған пасына шабуылшы Элгуджа Лобжанидзе бірінші жетіп, әуедегі допты қайшылап теуіп, қақпа торына енгізді.

Таблодағы есеп ашылғаннан кейін Дмитрий Огай бар шабуылшысын алаңға шығарды. Дегенмен, «қасқырлардың» қорғанысы сыр бермеді. Осылайша «Қайсар» чемпионаттағы 3 жеңісіне қол жеткізіп, турнирлік кестеде 3-орынға жайғасты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: