Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қайсар» ойыншылардың жалақысын қанша пайыз қысқартады?

03.05.2020, 12:13 439

HALYQLINE.KZ –| meta-ratingskz порталының хабарлауынша, қызылордалық «Қайсар» басшылығы футболшылардың жалақысын тағы да қысқартуға шешім қабылдады.

Алғашқысында ойыншылардың жалақысын 10%-ға қысқартты, ал қазір ойыншылардың жалақысын тағы 30%-ға қысқартуды жоспарлап отыр. Осылайша, «Қайсар» футболшылары өз табысының 40%-ын айырылады.

Сонымен қатар, клуб басшылығы 2020 жылдың соңына дейін футболшылардың жалақысын 40%-ға қысқартуды жоспарлауда. Егер ойыншылардың біреуі осындай ұзақ мерзімге жалақысын төмендетуге келіспесе, «Қайсар» шартты біржақты тәртіппен бұзады.

«Тобылдан» жалға алынған қорғаушы Александр Марочкин мен жартылай қорғаушы Максим Федин Қостанайға оралады, ал «Тобыл» өз кезегінде қызылордалық клубты сотқа беруі мүмкін, себебі «Қайсар» екі ойыншыны жалға алған кезде жалақысын толықтай өтейміз деп келіскен болатын.

«Қазақ Футболы» телеграм парақшасынан

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: