Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қайрат» АФК – Қазақстан чемпионы

14.05.2021, 17:30 252

HALYQLINE.KZ Алматылық клуб финалдағы үш матчта да жеңіске жетті.

«Қайрат» футзалдан Қазақстан чемпионатының финалдық сериясындағы үшінші матчта «Атырауды» жеңіп, ел чемпионы атанды.

Кездесу Нұр-Сұлтанда өтіп, 8:3 есебімен алматылық клуб жеңіске жетті. «Қайрат» сапында Диего, Дуглас, Бауыржан Өмірбаев, Эдсон (дубль), Біржан Оразов (дубль) және қақпашы Игита гол соқты. «Атырауда» Болат Сарбасов, Эвертон және Эрик Данило көзге түсті.

Осылайша, Кака шәкірттері финалдық сериядағы үш ойында да жеңіске жетті. Айта кетейік, «Қайрат» қатарынан 18 рет Қазақстан чемпионы атанды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: