Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Пешич «Қайсардан» кек ала ма?

11.06.2020, 10:45 503

HALYQLINE.KZ «Қайсардан» жақында кеткен шабуылшы Иван Пешич қызылордалық команданың басшыларынан кек алғысы келеді

Хорватиялық футболшы SILA заңгерлік компаниясына хабарласып, біржақты келісімшартты себепсіз бұзғаны үшін қызылордалық команданы жазалағысы келетінін айтқан. Ал, SILA компаниясы – өте сирек жеңілетін заңгерлердің бірі.

Пешич «Қайсарда» өткізген аз уақыт ішінде келісімшартты біржақты бұзуға себеп білдірмеген: жарақат алмады, режимді бұзбады, өз еркімен команда сапынан кетпеді.

Енді «Қайсарды» ФИФА тексермек.

ФИФА қызылордалық командаға 2 трансферлік бан беруі мүмкін.

«Қазақ Футболы» телеграм парақшасынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: