Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мексика құрамасының ойыншысы әлем чемпионатындағы алғашқы голды соқты

12.06.2026, 8:50 63

HALYQLINE.KZ

Мехикодағы әйгілі «Ацтека» стадионында өткен турнирдің ашылу матчында Оңтүстік Африка командасымен кездесуде Мексика құрамасының шабуылшысы Хулиан Киньонес мундиальдың есебін ашты, деп жазады penalty.kz.

Кездесудің 9-минутында футболшы қарсылас қорғанысының қателігін тиімді пайдаланып, чемпионаттың алғашқы голын тіркеді. ФИФА мәліметінше, бұл әлем чемпионаттары тарихындағы 2721 гол болды.

29 жастағы шабуылшы Колумбияда дүниеге келгенімен, кәсіби мансабының басым бөлігін Мексикада өткізіп, «Тигрес», «Атлас» және «Америка» клубтарының намысын қорғады. Қазір Сауд Арабиясының «Әл-Кадисия» клубында өнер көрсетеді. 2023 жылдың соңында футболшы Мексика азаматтығын алып, Колумбия құрамасынан түскен шақыртудан бас тартқан болатын.

АШЫЛУ  САЛТАНАТЫНДА  ШАКИРА  ӨНЕР  КӨРСЕТТІ

Матч алдында өткен ашылу рәсімінде Шакира мен нигериялық орындаушы Бурна Бой көрермендер алдында өнер көрсетті. «Ацтека» стадионы әлем чемпионатының ашылу матчын үшінші рет қабылдап отырған алғашқы арена атанды. Бұған дейін мұнда 1970 және 1986 жылғы мундиальдардың ашылу кездесулері өткен.

Бану Әбдіғалиева,

спорт шолушысы

Фото: AP Photo/Moises Castillo

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: