Қазақстан құрамасы жалпы жарыстың үш күнінде 16 алтын, 8 күміс және 10 қола медаль жеңіп алды.
Кеше Ұлттық құрамада аударыспақтан Сырым Ізбасаров пен Дарын Өткелбай алтын жүлдеге ие болса, Нұржан Еркінұлы қола медаль алды.
Құсбегіліктен қазақстандық спортшылар 1 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлде жеңіп алды. Самбодан Болат Сапар алтын, Еркебұлан Нығметов пен Жандос Бейсенбаев қола медаль иеленді. Қырғыз күресінен Алмас Жұмағали күміс жүлдеге қол жеткізді.
Арқан тартыстан ұлттық құрама «4×4» бағдарламасында Иран спортшыларын жеңіп, алтын медаль алды. Ал қол күресінен қазақстандық спортшылар 7 алтын, 4 күміс және 1 қола жүлде еншіледі.
Осылайша, Қазақстан құрамасы 24 медаль жеңіп алды. Ал үш күндегі жалпы нәтижесі – 34 медаль.
Бүгін қазақстандық спортшылар 21 спорт түрінен жарыс жолына шығады.
Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!